ОҚО полицейлері Ордабасы ауданының аумағында орын алған мал ұрлығына күдікті 32 жастағы ер азаматты ұстады. Жыл басынан бері аудандық ПБ-не малдарын ұрлап кеткені жайлы жергілікті тұрғындар арызданған. 1967 ж.т. жәбірленушілердің бірі белгісіз тұлға түнгі уақытта оның ауласынан жалпы соммасы 1,5 млн теңге тұратын 8 сиырын ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 188 «Ұрлық» бабымен Ордабасы ауданының СДТБТ-не тіркелген.
Ордабасы АІІБ-нің полицейлері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында 1985 ж.т. жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу барысында анықталғаны ұсталғандардың мал ұрлығының 5 жайтына қатысы бары анықталды. Тәртіп сақшылары анықтағанындай барымташылар үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, жергілікті тұрғындардың үйлерінен, жайылымнан, иесіз жайылып жүрген малдарды ұрлап отырған. Кейін ұрланған малдарды сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 7 миллион теңгеге жуық болып отыр.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары «ұрлық» бабымен жүргізілуде. Күдікті қамауда. Полицейлер айғақты заттарды тәркілеп, ұрланған малдарды заңды иесіне қайтарды.
Оңтүстікқазақстандық полицейлер мал иесіне барымташының құрбаны болмас үшін малдарын қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ таңба мен ен салуды және мал ұрлығы орын алса ішкі істер органдарына уақыт оздырмай хабарлауға кеңес береді.