Шымкент қаласының полицейлері марихуана есірткі затын сатумен айналысқан 50 жастағы күдіктіні ұстады. Шымкент қаласында ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында есірткі затын сақтады деген күдікпен 1968 ж.т. күдіктіні ұстады. Күдіктінің үйін тінту кезінде 9 орама қағаз өсімдік тектес, марихуана есірткісіне ұқсас зат тәркіленді.
Сот-криминалды сараптамасына сәйкес тәркіленген зат салмағы 40 гр. асатын марихуана есірткі заты екені анықталды.