Медицина саласына қатысты арызыңыз болса, сall орталыққа хабарласыңыз…

585

Медициналық арыз шағымдарды енді облыстық денсаулық сақтау басқармасы тікелей бақылайтын болады. Бұл үшін аймақаралық сall орталығы денсаулық сақтау мекемесімен бірігіп жұмыс жасайды. Орталықтың қызмет аясы да кеңейген.

Енді арыз шағымдарды екі оператор емес, төрт маман бірігіп қабылдап, халыққа қажетті медициналық кеңес береді. Қажет болса, мамандар жібереді. Айта кетейік, ақпараттық орталықтың арқасында облыс тұрғындары өз проблемаларын денсаулық сақтау басқармасы басшыларына тікелей жеткізе алады.

Сондай-ақ, қала дәріханаларына тегін дәрі-дәрмектердің түскендігін білуіне болады. Әрбір қабылданған сауалды жауапсыз қалдырмайтын орталық мамандары, шұғыл қызмет көрсетпек. Ол үшін мамандар арнайы әзірленген. Тек сауал қояр алдын, өзіңіздің толық аты-жөніңізді айтып, байланыс нөмірін қалдырсаңыз болғаны. Ал анонимді түрде сауал жолдасаңыз, қайтарма жауап алуыңыз екі талай.

Шұғыл желі таңғы сегізден, кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. 39-31-60 телефоны арқылы хабарласып, қажетті көмекті алуға мүмкіндігіңіз бар. Айтпақшы, басқарма мамандары желіде үздіксіз қызмет көрсететін психолог барын қадап айтты. Ендеше, медицина саласында мазалаған кез-келген сауалыңызды жолдаңыз, сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, сапалы қызмет алыңыз.

Лаура Нақыпқызы