Несие төлей алмай, баспанасынан айырылғандардың жанайқайы

370

Қақаған қаңтардың суық күнінде 4 баламен далада қалдық. Осылай деп арнамызға шағымданған көпбалалы ана үйін аукцион арқылы сатып алған жаңа қожайынның есігін ескертпестен бұзып кіріп, заттарын далаға тастағанын айтады. Тіпті облыстық сотқа апелляциялық шағым келтіріп, үйін қайтарып алуға үмітті. Несие алып, төлей алмай, тентіреп кеткен төрт баланың анасы сандалып жүр.

«Үйімізді тартып алды. Далада қалдық. 10 мың теңге пәтерге береміз. Ақашамыз да жоқ», — деп жылап жіберді үйдің бұрынғы иелерінің кенже қызы 8 жасар Сая.

Бүлдіршін Саяның көз жасын сүртер, жүрегіне қуаныш сыйлар сая табылмай тұр. Өйткені бауырларымен тентіреп, анасымен пәтер жалдауға мәжбүр. Тұрмыстық таршылықтың кермек дәмін татуға баспана дауы басты себеп. Несие ап, ата анасы төлей алмағандықтан үй аукцион арқылы сатылып кеткен. Жаңа қожайындар әй шәй жоқ, ескертусіз есігімді бұзып кіріп, көшеде қалдым дейді Саяның анасы. «Төрт баламен осы үйде тұрғам. Үйім жоқ. Жайым жоқ. Аукционмен өтті дейді сыртымыздан. Өзіміз қатысқан емеспіз. Үйден шығару туралы да шешім бізге хабар берілмей шығарылыпты»-дейді Саяның анасы Қатира Ибрагим.

Саяның анасы сот орындаушылар ескерту жасамады деп налып отыр. Ал үйдің жаңа қожайындары құжаттарының барлығы заңды екендігін алға тартады. Тіпті үйді сатып алғалы бес ай күтіп, уақыт бергендерін мәлімдеді. Тіпті арнайы жұмысшы тобын жалдап, жөндеу жұмыстарын бастап та жіберген.   «Үйді аукцион арқылы сатып алдық. 2017 жылдың қыркүйек айында. Сатып алу және сату туралы келісім шарты жасалды. Ақшасын да төледік. 7 млн. 120 мың теңге. Әділет органдары арқылы  бір апта өткен соң біздің атымызға үй рәсімделді. Одан кейін  де бес ай өтті. Уақыт берілді. Біз де күттік. Үйден шығару туралы сот шешімі де шықты. Заңды күшіне енді. Есік бұзылған жоқ. Есік ашық. Ешқандай баса көктеп кіріп алған жоқпыз»-дедйі үйдің жаңа иесі Б.Панзабеков.

Жер алып, қос қабат зәулім үй салып, құрылысты аяқтаймын деп банктен несие алған үй иесінің тіршілігі төлу қабілетінің төмендегінен кері тартады. Тірлігі түрлене қоймағандар мен жаңа қожайындар арасында сот-құқықтық сандалу басталады. Абай аудандық және әл Фараби аудандық соттарында осы мәселеге қатысты іс қаралып, шешім шығарылған. Шешімге қанағаттанбаған үйдің бірінші иесі облыстық сотқа апелляциялық шағым келтірген.
Тамара Смаилова, облыстық соттың судьясы: «ОҚО сотының азаматтық істер жөніндегі алқасына бірінші сатылы сот шешіміне разы болмай 16.01.2018 ж. күні Ибрагимов Батырбек апелляциялық шағым кеп түскен. Заңда көзделген мерзімде жауап берілетін болады».

Үйдің бұрынғы иелерінің есігімді заңсыз бұзды деп шағымданған жаңа қожайындарының ісі заң шеңберінде қаралады дейді жауаптылар.

Тамара Смаилова, ОҚО сотыныңсудьясы:»Бүгінгі таңда Б.Панзабеков мүліктің меншік иесі болып отыр. Меншік иесі қалаған уақытындаүйді пайдалануға, иелік етуге, билік етуге құқылы. Қазіргі кезде Ибррагим Батырбекті үйден шығару  туралы сотқашағым кеп түспеген. Үйдің жаңа иелерінің мұндай құықы бар. Ал апелляциялық шағым  заңда көзделген мерзімде қаралатын болады».

Жанар Есенбекова