ОҚО-ға жаңа өкіл имам тағайындалды

1915

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы және «Оңтүстік Қазақстан облысы» орталық мешітінің Бас имам болып тағайындалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан жұма намазында мешіт ұжымы мен жамағатқа жаңа өкіл имамды таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.
Осыған дейін ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы қызметін атқарған Керімбек Ахметжан Пірәліұлы бірінші наиб имам және іс басқарушы болып тағайындалды. Оның атқарған қызметіне құрмет көрсетіліп, қазақы салтпен иығына шапан жапты.

Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы 1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 1992 жылы Өзбекстан Республикасы Әндіжан қаласы «Сайд Мухиддин Махдум» медресесінде білім алған, 1996 жылы Ташкент қаласындағы «Имам Бухари ислам институтының» «Исламтанушы», «Имам хатиб», «Араб тілі мұғалімі» біліктіліктері берілді, 2012 жылы «Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университеті» «Философия және саясаттану» факультетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистранты.

1996-1998 ж. ОҚО Сарыағаш ауданы, Түмен ата мешітінің бас имамы болып қызмет атқарған, соңғы жұмыс орны 2014 ж. қаңтар айынан бері ҚМДБ-ның  діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.

ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі