Облыстық сот сараптау институты  өткен ғасырдың құрылғыларымен қызмет көрсетуге мәжбүр. Ғимарат та талапқа сай келмейді. Қызметкерлер мәйіттер жайластырған тар ғимаратта жұмыс істейді. Сапалылықты қажет ететін микроскоптың өзі тозған.

Мұнда бір ғана химия-биологиялық кабинетінде алты бірдей маман 7 түрлі сараптама жасауға мәжбүр. Өткен жылдың өзінде бұл институтта 25 000-ға жуық сараптама жасалған. Қарапайым микроскоптың өзі он жыл бұрын сатып алынған.

Ғимарат та өткен ғасырда салынған. Ең сорақысы сол желдеткіш жүйесі де істен шыққан. Анар Жайылғанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:»Ғимараттың өзі талапқа сай келмейді. Сараптама жасау лабороториялары да нормативтерге сай емес. Жұмыс жүктемесі де көп»

Заман талабы саналатын электронды құжаттама туралы тілге тиек етудің өзі орынсыз. Сот сараптау институна кемінде 43 компьютер жетіспейді. Сот биологиялық бөліміне де заманауи құрал жабдық ауадай қажет. ОҚО бойынша сот сараптама институтының тынысымен танысқан Мәжіліс депутаты, сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Анар Жайылғанова біраз жайтқа қанығып қайтты.

Анар Жайылғанова, Мәжіліс депутаты: «15-ші қаңтаp күні Парламентте Үкіметтік сағат отырысы өтеді. Қаралатын бір ғана мәселе. Сот сараптама институтының бүгінгі жай күйі. Осы жерден түйгендерімізді ортаға саламыз. Нақты шешім қабылдауға сеп боламыз. Материалдық техникалық базасының жағдайымен қоса, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы, яғни жалақы мәселесі де күн тәртібінде.»

Айта кетейік, бүгінде ОҚО бойынша сот сараптама инститиутында маман орта есеппен 80-130 мың теңге көлемінде жалақы алады. Әрбір сараптаманың артында адамдар тағдыры тұрғанын ескерсек, жоғарыда көрсетілген мәселелердің өзектілігі түсінікті болар.

Айта кетейік, ОҚО бойынша ССИ-да бүгінде 227 адам жұмыс істейді. Жұмыс жүктемесі үш есе көп. Соған қарамастан мамандар біліктілігін арттыруда белсенді. Алыс жақын шет елдерге барып білім жетілдіруде.

Жанар Есенбекова