ОҚО-да қайын ағасын пышақтап өлтірген тұрғын сотталды

343

Оңтүстік Қазақстан облысында әйелінің ағасын бірнеше жерінен пышақтап өлтірген тұрғын сотталды. Облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны 13 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот үкімімен таныстыру барысында судья Дәурен Мадалиев айыпталушының қалай қылмыс жасағанын айтып өтті. Белгілі болғандай, Борис Кохакидзе екі жыл бұрын Қылмыстық кодекстің 242-бабы «Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну» бойынша екі жылға сотталған. Жазасын өтеп шыққан соң тағы бір қылмысқа бой алдырды. Яғни, осы жылдың  тамыз айында қайын ағасының бірнеше жеріне пышақ сұғып алған.

Артынша полицияға жалған мәлімет беріп, туысын белгісіз біреу өлтіріп кеткені туралы хабар жеткізген.  Алайда оның телефонын тыңдау барысында қылмысты өзі жасағаны дәлелденіпті.
«Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі және 188-бабы 1-2-бөлігімен кінәлі деп тауып, түпкілікті 13 жыл алты айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Жазасын аса қатаң қауіпсіздік жағдайындағы түрмеде өткізетін болады», — деді судья Дәурен Мадалиев.