Оңтүстікте соттар мен кәсіпкерлер бірлесіп жұмыс істейтін болды

498

ОҚО соты мен ОҚО Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп жұмыс жоспарына келісті. «Кәсіпкерлер облыстық сотпен бірлесіп, нақты жұмыс бағдарын бекіту туралы» шешімге келді. Ай сайын атқарылып жатқан жұмыстар барысын бақылайтын боламыз. Облыстық соттың кәсіпкерлікті қолдауын кәсіпкерлер де сезінуі керек. Бірлесіп арнайы жұмыс тобын құрмақпыз»-деді облыстық кәсіпкерлер палатасының жетекшісі А.Әубәкіров.

«Қандай да бір заң жобасына болсын,  нормативтік қаулыларға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар беру қажет пе… бірлескен жұмыстың бір бағыты болмақ»,- деді облыстық сот төрағасы Талғат Баратбеков. Бір жылдан бері  кәсіпкерлер палатасының жанында бітімгерлік, яғни медиация орталығы жұмыс жасайды. Бұл кәсіпкерлер арасында туған дау, шағымдарды сотқа дейін жеткізбей, бітімгерлікпен шешу мақсатында қолға алынған.

«Облыстық сотпен бірлесіп, бұл бастаманы өңір бойынша іске асырмақпыз. Әрбірр аудан, ауылда бұл туралы білу керек. Бұл меморандум емес. Меморандум мен келісімнен тойып біттік. Бұл ортақ жұмыс жоспары» деді Асқар Әубәкіров. Соттар мен кәсіпкерлер арасында қол қойылған жұмыс жоспарының бір тармағы БАҚ-мен байланысты.

«Біз сот практикасын сараптап, бизнес өкілдерінің қатысуымен болған барлық сот процестерін талдаймыз. Біртектес сот процестерді қарап отырып, бітімгерлікті үндейтін боламыз»- деді облыстық соттың төрағасы Талғат Баратбеков. Айта, кетейік, соттар мен кәсіпкерлер арасындағы жұмыс жоспары 2018 жылдың соңына дейін қамтыған.