ОҚО-дағы геология зерттеу нысанында үш көлік бірдей жанып кетті

374

Оңтүстік Қазақстан облысының геология зерттеу нысанында үш көлік бірдей жанып кетті.  Өңірдің төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Созақ ауданының Таукент елді мекенінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрт «Волковгеология» АҚ-ға қарасты жалпы көлемі 600 шаршы метр болатын «ГРЭ-5» темір  гаражында орын алған. Гараждың ішіндегі«КамАЗ»  автоцистернасы, «Паз» автобусы және  экскаватор  жанып кеткен. Өрттің салдарынан гараж майысып, зақымданған. Жалынды ауыздықтауға 8 өрт сөндіру қызметкері мен 2 техника жұмылдырылып, түнгі  00:20-да толық сөндірілді.

Аталған аудандағы тағы бір төтенше жағдай  Қарағұр  ауылында  болды. Тұрғын үйдің ауласында орман шаруашылығына тиесілі мемлекеттік нөмірі 02 DZA 91 тіркемелі вагонның ішінде газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, салдарынан 45 және 68  жастағы инспекторлар күйіп қалды.   Қазіргі таңда екеуі де Созақ аудандық орталық  ауруханасына жатқызылған, жағдайлары орташа деңгейде.