ОҚО-да өткен жылы 3 мыңнан астам нысанға қадағалау жүргізілді

404

Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өткен жылы жалпы 3010 нысанның құрылысын қадағалады. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 706 нысан қаралып, 458 нысан пайдалануға берілді.

Ал 248 нысанның құрылысы 2018 жылға өтпелі. Сондай-ақ, жеке қаражат есебінен 2304 нысан тексерістен өткен. Бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Рахмет Бектаев мәлім етті.
Оның айтуынша, 2017 жылы аудан, қалаларда нысандарға тексерудің өзге де түріндегі бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша 651 нұсқама берілген.

«Бүгінгі таңда басқарма тарапынан нысандарда анықталған заң бұзушылықтар мен орын алған кемшіліктер түзетілді. 2017 жылы басқармаға 6 мыңға жуық өтініш хат түскен. Оның 5 мыңнан астамы мемлекеттік органдарынан, 690-ы жеке тұлғалардан, 133-і заңды тұлғалардан келіп түскен. Барлық хаттарға мерзімінде жауап берілуде», — деді Рахмет Әбдікәрімұлы.


2017 жылы басқарманың тексеру нәтижесінде заң талаптарын бұза отырып салынған 396 нысанға әкімшілік іс қозғалып 108,6 млн. теңге айыппұл салынған.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына лицензия алуға және қайта рәсімдеуге жалпы саны 646 өтініш түсіп, оның 375-і қанағаттандырылды.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі