Бүгін Шымкентте ерекше жоба қолға алынды. Қаланың 12 мектебінен іріктеліп алынған шәкірттер жергілікті шенеуніктерді сомдауда. Қала әкімінен бастап, орынбасарлары мен бөлім басшыларының образына кіріп, жұмыстарын атқарысады. Жас мемлекеттік қызметшілерді қала әкімі Нұрлан Сауранбаевтың өзі күтіп алып, қабылдады. Шаһар басшысы балаларға қаланың даму жоспарын таныстырып, республикадағы үшінші мегаполистің басым бағыттарын екшеп берді.
Оқушылар жан-жақтан сауалдарын жаудырды. Әрбір сауалға жіті жауап берген шаһар басшысы тіпті балалық шағына да саяхат жасады. Олар жоба аясында әрбір басшының рөліне кіріп, қызметін бақылайтын болады. Олар әр маманды өздері таңдаған. Болашақ шенеуніктер ертең әкімдік отырысын өткізеді. Оларды ертең ауыр жұмыс күні күтіп тұр.
Мақпал Рысбаева