… Осылай мәлімдеме жасаған дәрігерлер эпидемиологиялық маусым бірқалыпты өтіп жатқанына сенімді. Есесіне, өңірде өткір респираторлы вирустық инфекцияны жұқтырғандардың қарасы қалың.
Елімізде бір аптаның ішінде 5 адам тұмаудан көз жұмған. Осыны негізге алған бас санитар Жандарбек Бекшин отандастарына өз бетінше ем қабылдамауға кеңес берді. Мамандар вирустық инфекция қаңтардың соңы мен ақпанда асқынып, науқастар еселене түседі деп болжап отыр.
Жандарбек БЕКШИН: «Дәрігерлер қыспен қатар келетін тұмаудан сақтанудың жолдарын тағы да қайталайды. Өйткені, жұқпалы дертті өз бетімен емдеймін деп, асқындырып, арты өлімге апаруы мүмкін. Ата-аналар болса, тұмауды ешқашан антибиотикпен емдеуге болмайтынын естен шығармағандары дұрыс. »
Ал, оңтүстікте дәрігерлер тұмаудан келетін қауіп жоқ деп сендіреді. Айтуларынша, эпидемиялық маусым басталғалы бері бізде, екі азаматта ғана жұқпалы ауру анықталған. Есесіне өткір респираторлы вирусты инфекцияны жұқтырғандардың қарасы қалың. Биылдың өзінде мұндай диагнозбен бес мыңнан аса азамат тіркелген.
Тұмаудан сақтанудың бір жолы — вакцина салдыру. 2017 жылдың қазан айынан басталған профилактикалық жұмыс кезінде оңтүстікте 281 мың адам екпе жасатыпты. Оның басым бөлігі — осал топтағы азаматтар.
Лаура Нақыпқызы