«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы физика-математика бағытындағы Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің робототехника үйірмесінің жетекшісі Жәнібек Шалдарбеков және шәкірті 7 сынып оқушысы Әкежан Тастанбеков:
— Осы үйірме жайлы айта отырсаңыз…
— Қазіргі күні Н.Назарбаев зияткерлік мектептерінде робототехника үйірмесі енгізілуде. Бұл үйірменің басты мақсаты — робототехника саласын елімізде кеңінен дамыту, жастарды осыған қызықтыру болып табылады.
— Бұл үйірмеге қай сынып оқушылары қатысады?
— Үйірмеге 7 сынып пен 12 сынып оқушылары қатысады. Қазіргі таңда мектептің жоғары сынып оқушылары республикалық дәрежедегі жарыстарға қатысып, түрлі деңгейдегі орындар алып келді. Өздері ғана қатысып қоймай, 7 сынып оқушыларына да үйретіп, бағыт көрсетуде.
— Әкежан, осы үйірмеге қатысқан ұнай ма?
— Әрине, осы үйірмеде көптеген дүниені үйрендік. Роботтарға бағдарламалауды, оларды құруды, функцияларды құруды үйрендік. Робототехника саласын одан әрі дамыту, әлеуметке көмек көрсететін роботтарды шығару басты мақсатымыз.
— Роботты өзің жасадың ба?
— Ия, өзім жасадым. Бұл Лего маништорм ив 3 версиясы болып табылады. Бұл робот- коляска. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарға көмекші бола алады. Мысалы, бір линиямен ғана жүреді. Сол арқылы көмектесе алады. Осы роботтың көмегімен көздеген жеріне жете алады. Осының арқасында олар емін еркін қозғала алады.
— Бұдан басқа өзің жасаған туындыларың бар ма?
— Бұдан басқа өзім жасаған әртүрлі салаларға қажетті роботтар жасағанбыз. Бұл ауылшаруашылығында егістікке көмек көрсетеді. Жүрген кезде қақпа көретін болса бұзып өтеді. Егін жинайды. Мұны да ары қарай дамытуға болады.
— Жәнібек, мектепте себақ ретінде енгізілген бе, әлде әркім қалауы бойынша қатыса алады ма?
— Робототехника үйірме болып саналады. Негізгі сабақ аяқталған соң басталады. Аптасына екі рет өткізіледі. Әр оқушы өз қалауы бойынша қатысады. Үйірмеде 40 оқушы бар. Қызығушылық танытатындар келем десе болады.