ОҚО бойынша тексеру комиссиясының бұрынғы төрағасы Сырым Шалабаевқа қатысты Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық сотында кезекті сот отырыс өтті. Басты айыпталушы ірі көлемде пара алуға оқталғаны үшін құрықталған болатын.
С. Шалабаевқа ҚР ҚПК-нің 24 бабы, 3-ші бөлігі арқылы ҚР ҚПК-нің 366 бабы 3-ші бөлігі 2-ші тармағымен айып тағылуда. Кезекті сот отырыснда куәгерлер тыңдалып, құжаттар тексерілді. Дәлелдемелер зерттелуде. Айта кетейік, сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамаған.