Шымкент қаласының бюджеті 122,1 млрд теңгеге ұлғайды

422

Шымкент қалалық мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Онда Шымкенттің 2018-2020 жылдарға арналған бюджетіне облыстық бюджеттің нақтылануына байланысты өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда 2018 жылға республикалық бюджеттен 7 236,3 млн теңге трансферттер бөлінуде.

Оның ішінде негізгілері:
3 мектептің құрылысына — 695,3 млн теңге;
6 инженерлік жүйе құрылысына — 1 210,0 млн теңге;
Қайтпас-2 шағынауданының кәріз жүйелеріне — 487,4 млн. теңге;
1 қосалқы станция (Астана-1, 2) құрылысына — 1 424,3 млн. теңге;
Жастар практикасын ұйымдастыруға — 618,3 млн. теңге;
Жалақыны ішінара субсидиялауға — 184,8 млн теңге бөлінеді.

Бұған қоса мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге — 173,9 млн теңге;
Техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар тiзбесiн кеңейтуге — 142,5 млн теңге;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге — 1 061,4 млн теңге;
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға — 1 047,1 млн теңге;


Тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге — 103,5 млн теңге;
Оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге — 25,2 млн теңге.

Нәтижесінде 2018 жылғы қала бюджетінің көлемі 114,9 млрд теңгеден 122,1 млрд теңгеге ұлғайды.