«Шымкент-Ташкент» бағытындағы автобус билеттері арзандады

661

Екі аралыққа қатынайтын жайлы да жұмсақ автобустардағы билет бағасы 2400 теңгені құрап отыр. Бүгінгі таңда екі қала арасында күнделікті екі рет қатынайды. Ташкентке қатынайтын таңертеңгі автобус сағат 9:00-де, кешкісі 19:00-де бағытқа шығады. Екі арадағы қашықтық үш жарым сағатты құрайды. Оның үстіне кеден бекетінде автобустар үшін тез өтеді.

Екі қала арасындағы билет бағасы алғашқы күндері 3 200 теңге болатын. Қазақстан және Өзбекстан тарабы баға бағамын бағамдай келе кейбір санаттарға бағаны қайта қарады. Мәселен жеті жасқа дейінгі балаларға тегін. Әрине олар үшін арнайы орын қарастырылмаған жағдайда.

Бүгінде автобус билетінің бағасы темір жол билетімен теңесіп қалды. Ташкентке темір жол арқылы баратын мүгедектер мен оларды алып жүретін адамдарға 70 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған.