… Дегенмен мамандар оларды сүзгіден өткізеді. Көптеген мекемеден медициналық анықтама жинауы қажет, — деп хабарлайды kk.tvk-uko.kz.
Еліміздегі ЭКҰ орталықта ұрықты мұздатып 10 жылға дейін сақтауға мүмкіндік бар. Жыл сайын өзгертілген ғылыми жаңалықтарға сəйкес бұл мерзім тағы да ұзаруы мүмкін. Ал Шымкентте ашылған ЭКҰ орталықта, жасанды жол арқылы екі жылдың ішінде 100-ден астам бала дүниеге келген. Нəрестелі болған əйелдің ең егдесі 53 жаста.
Зухра ЖАНТАЕВА, жетекші репродуктолог: «Негізі қазіргі таңда жас ерекшелігіне қарамаймыз. Бізде 50 жастағы пациенттер де бар. Ең бірінші мақсат соматикалық ауруы болмаса болды. Экстра генетальды ауруы бар пациенттерге де горманальды препарат қарсы көрсетілгенге өте күшті жағдай десе де болады. Екеуі де кең қолданылады. Стандартты ЭКҰ-да дәріге ақша жұмсаймыз. Ол өзінің табиғи жағдайда өсіп жатқан фолекульдарын алу мақсатында жасалынады. Оған ешқандай препарат кетпейді».
ЭКҰ жəне табиғи жолмен дүниеге келген балалардың арасында айырмашылық жоқ. Қайта құтыдағы нәресте көп жағдайда ақылды болады дейді мамандар. Бірақ емделушілер бұл əдіс бойынша егіз, ұл немесе қыз балаға жүкті болуға тапсырыс бере алмайды. Бұл адамның қолынан келетін іс емес.
Орталықтағы мамандар емделушінің жатырына баланы салғаннан бастап, 13 аптаға дейін ана мен баланы бақылауда ұстайды. Өйткені жүктілік кезде үш ай мерзімде түсік жиі орын алады. Қорыта айтқанда қазіргі таңда ұрығын немесе аналық безін сатып, қалталы болам деушілер қатары артуда. Алайда олардың денсаулығында мүлде кінəрəт болмауы керек және сотталмаған туралы қағазды əкелуі керек. Өкінішке қарай, «ұрығын сатамын» деп ниеттенгендердің басым бөлігі осындай жоғары талаптарға сай келе бермейді.