Шымкентте салымшылардан ірі көлемде пара алған «банк басшысы» іздестірілуде. Көпке өзін бастықпен таныстырған азамат алаяқ болып шыққан. Мұны тергеу кезінде полицейлер анықтап, салымшыларды сазға отырғызып кеткен алаяқ басшыны іздеп жатыр.
45-жастағы күдікті қаладағы банктердің бірінің филиал төрағасы болып өзін көпшілікке таныстырған. Сөйтіп салымшылардың сеніміне кіріп, ақшаларын алаяқтық жолмен иемденген. Ісі біткен соң, белгісіз бағытқа тайып тұрады.
Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 190 бабы, 4 бөлімі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Полицейлер Көлбаев Нұржанның болуы мүмкін мекен-жайын анықтау мақсатында барлық жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Іздестіруде жүрген тұлғаны тауып, оны ұстау үшін ОҚО ІІД КПБ және Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылуда.
Егерде 1973 ж.т. Көлбаев Нұржан Бауыржанұлының қайда жүргені туралы ақпарат біліп жатсаңыз, Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің мына телефондарға 8(7252)97-60-09, 8 777 6123244 немесе «102» хабарлассаңыздар болады.