Шымкентте мұғалімдікке ешқандай парасыз жұмысқа тұруға болады

836

Шымкент қалалық білім бөлімінің жетекшілері мұғалімдік жұмысқа орналасуға құжат тапсырған үміткерлермен сұхбаттасу өткізді. Ол үміткерлер қала бойынша педагогикалық ұжымды іріктеу жүйесін автоматтандыру мақсатында жасалған t-hunter бағдарламасына қатысуға өтініш берген.

Шымкент қаласы бойынша бес мектептегі 12 бос орынға әр түрлі пәннен ұстаздыққа үміткер ретінде 16 маман өтініш берген. Үміткерлердің білімі мен біліктілігін тексеретін комиссия құрамында сала мамандарымен қатар білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева да болды.

Айта кетейік, Шымкент қаласының білім бөлімі 2017 жылы мамыр айынан бастап алғаш рет электронды құжат қабылдау арқылы конкурстық негізде мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жүйесін енгізген болатын. Бүгінгі таңда бұл жүйе арқылы 724 рет конкурс өтіп, 498 мұғалім жұмысқа қабылданды.