Заманның заңғар тұлғасы – Дінмұхаммед Қонаевтың туғанына 106 жыл

805

Бүгін 12 қаңтар Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 106 жыл! Осыған орай Ұлысын ұлықтауды ұмытпайтын оңтүстік жұрты жұмылып қазақ тарихына терең із қалдырған тұлғаның мерейтойын атап өтті.

Өңіріміздің әр ауданынан жиналған ел ағалары, зиялы қауым өкілдері және жалпы көпшілік тұлға ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Тағылымы мол естеліктер айтылды.

Өсетіллә Жабағиев – Сайрам ауданының Құрметті азаматы – Дінмұхаммед Ахметұлы тек саясаикерлігімен ғана емес, қарапайымдылығымен де есімізді. Ол кісімен екі рет жолықтым. Екі ретте де адалдығына, жанашырлығына тәнті болдым. Мұндай қоғам қайраткерлер ел есінде болу керек. Ұмытуға болмайды
Жиылған жұрт одан соң «Қонаев» қоғамдық қорынының арнайы жайған ақ дастарханынан дәм татып, тарихи тұлғаға құран бағыштады. Ал қор жұмысының дамуына үлес қосқан азаматтар арнайы төсбелгімен марапатталды. Олардың қатарында Қонаев ескертішін салуда қолдау көрсеткен Әсетулла Әшірембет те бар.

Әсетулла Әшірембет – 1998 жылы ескерткіш құрылысына көмектестік, әлі де қолымнан келгенше қол ұшын беріп келемін. Осы еңбектеріміз еленіп, марапатталып отырмын. Өте қуаныштымын

Заманның заңғар тұлғасы ел басқарған уақытта халық үшін игілігі мол істер атқарды. Оның бастамасымен қазақ жерінде 43 қала мен 68 жұмысшылар кенті пайда болды. Айта кетейік, қаламыздағы төрт жолақты ең үлкен көше Қонаев есімімен аталады. Сондай-ақ төрт мектепке мемлекет қайраткерінің аты берілген.

Айта кетейік, «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болып қызмет еткен Дінмұхаммед Қонаев жайлы көбірек білгім кеоледі деушілер үшін қаламызда Қонаев атындағы мұражай бар. Үш қабатты ғимарат 2002 жылы халық күшімен, демеушілердің қолдауымен бой көтерген. «Қонаев» қорының төрағасы Әлсейіт Асанбайдың айтуынша, өткен күнді сөйлетіп тұрған мәдениет ошағына келушілердің қатары көбейіп, жәдігерлер саны толығып жатыр дейді. Десе де мемлкеттік байқаулардан ғана қаржылай көмек алатын мұражайды жақсы жағдайда ұстап тұру үшін қаржы керек дедйді қор басшысы.
Әлсейіт АСАНБАЙ – ОҚО  Д.А. Қонаев қоғамдық қорының   төрағасы (2002 жылдан бастап жұмыстар атқарылып жатыр, оқушылардың,  үлкен жастағы ата-апаларымыз көп келеді. Әліге дейін жәдігерлер түсіп жатыр. Жұмыс нәтижесін беріп жатыр. Мұражайды жақсы ұстау үшін қаржы керек.
Соған қарамастан Қонаевтың жанашырлары жай жатқан жоқ, жуырда ғана өз қаржыларынан мұражайдың жанынан жер телімін сатып алған олар үш қабаттыҚонаев  үйін салуды жоспарлап отыр.