Жылдамдықты 60-тан асырсаңыз да айыппұл салынбайды

329
Жолдарда шамадан тыс ауыр жүк артқан көліктер жүр

Бүгін белгілі болғанындай қаладағы бірнеше көшеде көліктердің жүру жылдамдығына өзгерістер енгізілген. Атап айтар болсақ Қонаев даңғылы мен Арғынбеков көшесінде бұрын жылдамдықты 60-тан асырса айып салынатын, енді бұл көшелерде жылдамдық 70 болды.

Сондай-ақ, жүргізушілер тарапынан жиі шағым айтылып жүрген Адырбеков көшесіндегі 20 деген жол белгісі 60-қа ауыстырылды. Сала мамандары бұл шараның бәрі көлік жүргізушілерінің жағдайы үшін жасалды дейді.

Наурыз СҮГІРӘЛИЕВ, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:
— Жол полицейлерімен бірлесе жүргізген зерделеудің нәтежесінде бұл көшелердегі жол белгілерін өзгертуге болады деген шешім қабылданды. Себебі ол көшелерде жылдамдықты көтеруге балық мүмкіндік бар. Жол тегіс, кең және ешқандай кедергі жоқ.

Нұрлан Күдерұлы