Қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

420

Жуырда Ордабасы АІІБ-нің кезекші бөліміне жергілікті жердің 48 жастағы тұрғыны арызданған, онда үйіне белгісіз тұлғалар баса-көктеп кіріп, қарақшылық шабуыл жасағанын көрсеткен.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер белгісіз тұлғаның тұрғын үйге баса көктеп кіріп, үйдің ішінде болған кәмелет жасқа толмаған 6 және 12 жас шамасындағы балалардың аяқ-қолдарын матамен байлап, мойнынан қылқындырып талдырып, алтын бұйымдарын алып кеткендігін анықтады. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі жарты миллион теңгені құрап отыр.

Ордабасы АІІБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті жердің 20-25 жас шамасындағы тұрғыны анықталып, ұсталды.
Аталған жайт негізінде қарақшылық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы