«Ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған түсіндірме жүмыстары жүргізілуде»

787

«Жаңа күн» бағдарламасының кезекті қонағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ербол Байқонақов:

— Қазақстан халқы Ассамблеясы былтырғы жылды қалай қорытындылады?
— Қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті бекемдеу бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда Қазақстан Халқы Ассамблеясы тарапынан өткен жылы көптеген игі жұмыстар жүзеге асырылды. Соның ішінде жергілікті тұрғындарға, түрлі этнос өкілдеріне, жастарға ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған түсіндірме жүмыстары жүргізілді. Осы тарапта 500-ге жуық іс-шара өткізілді. Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғимараты ашылып пайдалануға берілуі ерекше оқиға болды десек артық айтқандық болмас. Содан бері аталған ғимаратта ел игілігі жолында көптеген іс-шаралар өткізілуде.
— Тағы қандай ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс атқардыңыздар?
— Былтыр этно-мәдени бірлестіктер мен түрлі этнос өкілдері «Ассамблея асары» деген атпен Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық шарасын өткізді. Одан кейін «Қайырымдылық қайырлы іс» шарасын өткізіп жатыр. Барлық этностардың тарапынан «Қазақ дастарханы» деген атаумен үлкен іс шара ұйымдастырылды. Өңіріміздегі 20 этно-мәдени бірлестік қазақтың бұрынғы кезде пайдаланған кейінгі кезде ұмыт бола бастаған 20 тағамын көпшілік назарына ұсынды. Бұрынғы құндылықтарымызды ортаға оралтып әр этно мәдени бірлестік өкілдері өз хал-қадерінше көрсетті. Өзгеше жоба болды.