2 миллион теңге жарға жықты

992

ОҚО прокуратурасының экс қызметкері мен Абай аудандық ІІБ нің бұрынғы қызметкері Абай аудандық сотының үкімімен пара алғаны үшін айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ, мал мүлкі тәркіленетін болады.

Облыстық прокуратураның бұрынғы қызметкері коммерциялық компаниялардың басшысынан ақша талап еткен. Салықтан жалтарған компания басшылығынан бұрынғы прокурор 2 млн теңге талап еткен. Бұл іске Абай аудандық ІІБ ның қызметкері қосылған.

Кәсіпкер бұрынғы құқық қорғау қызметкерлеріне келісетіндігін айтып, жемқорлықпен күрес ұлттық бюроға хабарлаған. Өткен жылдың шілде айында прокуратура қызметкері де, полицей де ұсталған болатын. Екеуі де сотта кінәсін толық мойындаған.

Жанар Есенбекова