Аялдамалардың орны ауыстырылуда

482

Бұл жолы «Ордабасы» аялдамасын Қазыбек би көшесіндегі орнынан 50 метрге жылжытқан. Ескі аялдамада қоғамдық көліктер үшін қалта жол қарастырылған болатын. Ал жаңасында ондай жағдай жоқ. Салдарынан көліктер кептелісі көптеп орын алуда.

Осылай деп арнаға шағымданған қала тұрғындары жауаптылардың халықпен санасқанын қалайды. Ал қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегі жауапты мамандар «жаңа аялдама 8 мектептің оқушыларына ыңғайластырылып жылжытылды», – дейді.

Жаркын Байдуллаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары: «Қазыбек би көшесіндегі аялдама «Білім» деп аталатын. Ескі аялдамадан 8-ші мектепке дейінші қашықтық 600 метр. Сондықтан да әкімшілік полициясы және біздің бөліміміз 8-ші мектепке қарама қарсы аялдамаға қарай 100 метрге жылжыту жөнінде шешім қабылдадық».

Шынар Оразова