ОҚО полицейлері үш адамның өліміне қатысы бар күдіктіні құрықтады. Күдікті 1991 жылы туған, ОҚО тумасы, екі жылдан бері Тараз қаласында тұрады. Бұрын екі рет сотты болған. Тонау және ұрлық қылмысы үшін жазасын өтеп шыққан күдікті бұл жолы үш кісінің қанын мойнына жүктеген. «Күдікті қамауда. Дәлелді айғақты заттар алынды. Сотқа дейін тергеп тексеру жұмыстары жүріп жатыр»,- дейді ОҚО ІІД криминалды полиция басқармасының басшысы Бауыржан Селтанов.
Еске салайық, 2018 жылдың 8 ақпанында жеке тұрғын үйлердің бірінен мәйіттердің табылғаны туралы хабар келіп түскен болатын. Оқиға орнына келген полицейлер үш адамның мәйітін анықтаған. 53 жастағы Марина мен 22 жастағы Александр, 13 жастағы Денис.
Екі ұлы мен анасын өлтірген Александрдың танысы болып шықты.Ресми емес ақпараттарға сәйкес, күдікті қымбат компьютер процессоры үшін үш адамды о дүниелік еткен. Үйді торуылдап ешкім жоқ екендігіне көз жеткізген күдікті компьютерді ұрламақ болғанда анасы келіп қалған. Анасын ұрып өлтірген. Одан соң «досы» компьютерлік ойындас серігін де аямай орындықтың аяғымен ұрып өлтіреді. Осы сәтте сабақтан оралған 13 жасар Денисті де аямай, буындырып өлтірген.