Былтыр облыста 695 млн. теңгенің қаржысы игерілмей қалды. Мұның объективті және субъективті себептері бар дейді бүгін өткен жылды қортып брифинг өткізген облыстық қаржы басқармасының басшысы Әбдірахман Тасыбаев.

Оның айтуынша, қомақты қаражаттың 100 млн. теңгесі резервтік қаржы. Сала басшысы қаражаттардың игерілмеуіне басты себеп жұмыстардың уақытылы орындалмай, созбалаңға салынуы дейді.

Әбдірахман Тасыбаев, облыстық қаржы басқармасының басшысы: «Қаражаттардың игерілмеуіне негізгі себептер жұмыстар уақтылы жасалмайды, тауарлар уақытылы жеткізілмейді, ақшалардың жұмсалмауына мемлекеттік сатып алулардың да қатысы бар».

Қаржы басқармасының басшысы былтырғы жылы жекешелендірілген коммуналдық меншіктегі нысандарға да тоқталды. Айтуынша облыстағы коммуналдық меншіктегі 21 нысанның 13-і электронды саудаға қойылған. Оның ішінде 10 нысан сатылып, 8-і электронды тендерге шығарылған. Ал 7 нысан кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқарауға беріліпті.