ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің Қарағанды облысының ғылыми және педагогикалық сала өкілдерімен кездесуі кезінде «нөлінші» сынып қай жылы енгізілетінін нақтылап айтты. Бұл туралы аталған ведомствоның таратқан мәліметінен белгілі болды, — деп хабарлайды inform.kz.
«Нөлінші» сыныпты 2019 жылы емес, 2020 жылы енгізуді жоспарлап отырмыз. «Нөлінші» сынып — бұл негізінен мектепалды дайындықтың қазіргі жүйесі. Оның мәні — мектепалды дайындық сыныбының балаларына арналған бірыңғай бағдарлама құру. Аталған дайындықтан балабақшада және мектепте де өтуге болады», — деді Ерлан Сағадиев.
Оның айтуынша, мектепалды дайындықпен қазақстандық балалардың 80 пайызы қамтылған. Министрлік бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Барлық мектеп жасына дейінгі балалар 1 сыныпқа барар алдында бір деңгейдегі дайындықта болуы маңызды.