«Жаңа күн» бағдарламасының кезекті қонағы кітапқұмар Райхан Әкімбаева:
— Кітап оқуды өміріңіздің мәніне айналдырыпсыз. Әлі күнге дейін әлеуметтік желі дамып кетсе де, кітапқа деген сүйісеншілігіңізді жоғалтпағансыз. Сыры неде?
— Мұның сыры кітапқа деген сүйіспеншілікте. Соңғы уақытта жаңа авторлардың жаңа кітаптары шығып жатыр. Мұқабалары әдемі. Бұрынғыдан да қызығушылығым артып отыр. Мазмұны алдыңғы кезекте тұрады, әрине. Алуан түрлі кітаптарды таңдап оқу да оңай емес. Әлеуметтік желілердің назарыңды аударып алатыны жасырын емес. Алайда оның бәрі уақытша. Кітапты тастап әлеуметтік желіге ауып кеткенім де рас. Алайда алған ешқандай пайдам болмаған соң кітапқа деген құмарлығым қайта оянды.
— Әлеуметтік желінің де өзіндік пайдасы бар ғой…
— Өзіндік пайдасы бар, әрине. Дұрыс пайдалана алсаң. Алайда кітаптың орны мүлдем бөлек.
— Кітап таңдау туралы деп айтып қалдыңыз. Таңдап оқу бір бөлек деп. Таңдағанда неге мән беру керек?
— Ең алдымен сол кітап туралы ақпараттарды білім аламын. Кейбір адамдарға ұнайды, кейбіріне ұнамайды. Кітап туралы пікірлер де өте көп. Егер басым көпшілігі ұнатса яғни, жақсы кітап, оқуға тұрарлық болғаны ғой деймін. Екіншіден авторына мән беремін. Ол автор қандай тақырыпта жазып жүр, көтеріп жүрген тақырыбына мән беремін. Осы үш ұстаным бойынша таңдап оқимын. Кей тақырыптарды мүлдем оқымаймын.
— Қай жанрда көбірек оқисыз?
-Мен әртүрлі жанрды оқи беремін. Дегенмен қорқынышты, қантөгіс тақырыптарды оқымаймын. Детектив тақырыптарын да аса ұнатпаймын. Өйткені ол жерде де қылмыс бар. Ондай нәрсемен миымды қоқыспен толтырғым келмейді. Жүрегіме жақын, жылы тиетін романдарды оқығанды ұнатамын. Уақыт тығыз, кітап көп. Әр автордың өзіндік ерекшелігін татып көргім келеді, сосынғысын әртүрлі кітаптарды оқимын. Ең көп оқығаным «Триумфальный арка» атты кітаптың авторы Мария Ремарктің кітаптарын көбірек оқығанымын.
— Қазақ атворларынан кімді оқисыз?
— Әрине ең алдымен Бердібек Соқпақбаев бүкіл қазақ үшін орны ерек жазушы. «Менің атым Қожасы» шедевр шығарма ғой. Оқымаған кітаптарым да бар. Одан кейін Әбіш Кекілбаев, Оралхан Бөкейді оқығанды ұнатамын.