Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі әлеуметтік желі арқылы байланысты жақсарту үшін Whatsapp мессенджерін іске қосты. Әкімдік аталған байланыс арқылы облыс жұртшылығымен ашық диалог орнатуды мақсат ете отырып, жергілікті атқарушы биліктің қызметін жетілдіруді және қоғамдағы түйткілді мәселелерді дер кезінде шешуді көздейді.
Енді өңір тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері мен басқа да өтініштерін Whatsapp қосымшасы арқылы мына көрсетілген байланыс нөміріне +7 702 198 53 23 фото немесе жазбаша хабарлама арқылы жолдауға болады.
Ал келіп түскен өтініштерді салалық басқармалардан құрылған жұмысшы топ назарға алып, нәтижесін өтініш берушіге жолдайтын болады.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі