Дін саласында 20 жылға жуық қызмет етіп келе жатқан Асылбек Әуезханұлы «Дін мәселелерін зерттеу» орталығының басшысы қызметіне кірісті.
А. Әуезханұлы 1979 жылы туған. 1997-2001 жылдар аралығында Сауд әл Баптин әл Кувейти шығыстану институтында «Қазақ тілі және ағылшын тілі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2001-2003 жылдар аралығында Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің магистратурасында білім алған.
Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-інде «Дінтану» мамандығы бойынша оқыған. Магистр, филология ғылымдарының кандидаты. 2010 жылдан бері «Хикмет» телерадиостудиясында директор, «Muslim.kz» діни ағарту порталының жетекшісі қызметтерін атқарған.
Еске сала кетейік, аталған орталықтың бұрынғы басшысы Нұржан Тұрсынбай қызметіне сай келмейді деп танылып, сот шешімімен қызметінен босатылған болатын.