ОҚО полицейлері студенттерге «Ашық есік күнін» өткізді

545

ОҚО ІІД полицейлері Шымкент қаласының студенттеріне Ашық есік күнін ұйымдастырды. Ашық есік күні барысында полиция қызметкерлері ОҚО ІІД-нің жұмысымен, кезекші бөлім мен қызметтік кабинеттерді көрсетіп, тергеушілер мен анықтаушылардың күнделікті қызмет барысымен таныстырды.

Содан кейін студенттерге Жедел басқару орталығының орталығының ғимаратын көрсетті. Тәртіп сақшылары әртүрлі құқықбұзушылық пен қылмыстардың, олардың жауапкершіліккке тартылатыны туралы балалармен тақырыптық дәрістер мен әңгімелесулер, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ОҚО ІІД-нің мұражайына полиция қызметкерлері мен олардың туыстары сақтауға берген экспонаттармен, сондай-ақ, Ішкі істер органдарының тарихымен танысқан балалар ерекше әсер алып қайтты. Жылда ұйымдастырылатын дәстүрлі шараға Оңтүстік Қазақстан облысындағы 100-ден астам колледж студенттері және мектеп бітіруші түлектер қатысты.

Алғаш рет ОҚО ІІД-нің табалдырығын аттаған жастар полиция қызметінің бір күндік тыныс-тіршілігімен етене танысып, қызықтады. Жиналған жастар әсіресе, қару-жарақтарды тамашалап, қолдарына ұстап, әр қарудың шығу тарихымен танысты. ОҚО ІІД-нің мақтанышына айналған республикалық және облыстық жарыстардың кубоктары мен медальдарын көріп, студенттер спортпен айналысу керектігін көңілдеріне тоқып шықты.

Ашық есік күні шеңберінде ОҚО ІІД Жедел-криминалистика басқармасының ғимаратында аралады. Полицейлер жастарға фотороботтың қалай жасалатынын күдіктілердің саусақ іздерін қалай алу керектігін көрсетті.

Ашық есік күні шарасына Раушанбек Асылжан атты 11 сынып оқушысы арнайы келіп қатысты. Асылжанның ашық есік күні шарасына қатысу себебі, болашақта құқыққорғау қызметкер болғысы келеді екен. Әңгіме барысында ұлттық бірыңғай тестілеуден тиісті жоғары баға алса, денсаулығы нормаға сәйкес келсе, полиция оқуына түсе алатынын біліп, қуанғанын жасырмады.

Полиция қызметкерлері өткізіліп жатқан іс-шараның студенттерге маңызы зор екенін, тәртіп сақшыларының күнделікті қиын да қызықты жұмысын жақынырақ тануға мүмкіндік беретінін, жастарды тәрбиелеуде азаматтық және адамгершілік тұрғыда қалыптасуына оң ықпалын тигізетінін атап өтті.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы