ОҚО-да аудандық ауруханалар мен емханалар біріктіріліп жатыр

455

Оңтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау ұйымдарын оңтайландыру аясында қала-аудандық ауруханалар мен емханалар біріктіріліп жатыр. Бүгінде өңірдегі емдеу мекемелерінің саны 103-тен 87-ге кеміді , — деп хабарлайды inform.kz.

«Бүгінгі күнге дейін облыста ғана емханалар мен ауруханалар бөлек мекеме болып келген. Соның арқасында екі мекеме бір аумақта тұрғанымен бір-біріне жалға алу құнын төлеп келген. Басшылығы бір-біріне бағынбаған. Ал, осы мекемелерді біріктіру арқылы бізде медициналық кадр жетіспеушілігі мәселесі шешілді. Сондай-ақ медициналық құрал жабдықтардың жетіспеушілігі проблемасы да шешіліп отыр»,- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.

Мұқан Кеңесбекұлының айтуынша, биылғы жылы өңірдегі көз аурулар ауруханасы мен эндокринологиялық диспансер Облыстық клникалық ауруханасына қосылып отыр. Осылайша маман тапшылығы немесе басқа да мәселелерді шешу қарастырылған.

«Облыста шаруашылық жүргізу құқығына 70 медициналық ұйым өткізіліп, өңір республика бойынша 3-ші орынға тұрақтаған. Тағы 23 ұйымда бақылау кеңесі құрылды. Медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6,2 млрд. теңге бағытталып, жарақталу көрсеткіші 65,1%-ға жеткізілді. Медицина ұйымдарын компьютермен қамтамасыз етуге биыл 1,9 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа компьютерлердің 7582 бірлігі алынып, 100% қамтылатын болады»,- дейді Мұқан Егізбаев.