ҚР Бас прокурорының 16 ақпан күнгі Жарлығымен ОҚО прокурорының орынбасары болып Ержан Ерғалиұлы Бөлегенов тағайындалды. Ержан Бөлегенов 1978 жылы туған. Прокуратура саласындағы еңбек өтілі 18 жыл. Оның үш жылында ҚР Бас прокуратурасында қызмет еткен.
Еңбек жолын Астана қаласының прокуратурасында бастаған. 2009 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласының Есіл ауданының, Ақмола облысының Көкшетау қаласының прокуроры қызметін атқарған. 2015 жылдан бері Павлодар қаласының прокуроры болған. «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.