Пара алғаны үшін… айыппұл төлеп құтылды

649

Бүгінде жемқорлықпен күрес Дон Кихоттың желдиірменмен күресіндей болып барады. Күрес күшейген сайын, жемқорлық одан сайын күш алып барады. Пара алғандар қамалып та жатыр. Бірақ оған қарап айылын жиған алпауыттар жоқ…

Дереккөздерден белгілі болғанындай өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық үшін ұсталған парақор-шенеуніктер бюджетке 240,5 млн. теңге төлеп, сотталудан аман қалды. Жемсауы құдық жемқор шенеуніктерге салынған айыппұл көлемі 339,6 млн. теңге болатын. Ал ең көп сомадағы 70 млн. теңге айыппұлды Шымкент қалалық архитектура және қала құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы болған Бауыржан Кенжеқұловқа салынған болатын. Ол салынған соманы толығымен төлеген.

Былтыр пара алғаны үшін айыпты деп танылған 67 азаматқа айыптау үкімі шыққан, оның 36-сына айыппұл кесіп салынған болса, қалғандары бас бостандықтарынан айырылған.