Екі тәртіп сақшысын таяққа жықты деп айыпталған шымкенттік кәсіпкерге қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін судья бизнесменнің екі полицейді ұрып жатқанын көрдім деп мәлімдеген айыптау жағының куәгерін тыңдады.
Айыпталушының адвокаты 9 жыл бұрынғы бұл оқиғаның негізгі себептері басқада дейді. Себебі сотта айыпталушы ретінде танылған бизнесмен полицейлердің үстінен арызданған екен.
Шімірбек АҒАБЕКОВ, адвокат: «Барлық бәле 2016 жылдың 12 және 15 желтоқсанында кәсіпкердің жалға алып отырған орнын полицейлердің тінтуі кезінде басталған. Бұған еш қарсылығымыз жоқ. Алдын алу шаралары қажет-ақ. Бірақ полицейлер тінту кезінде басқа да жалға берушілер жалға алған бөлме ішіне брондалған есіктерді бұзып кірген. Кәсіпкердің сол тінту кезінде 70 млн-ға жуық теңгенің мүлкі қолды болған. Тергеушінің толтырған тінту хаттамасында бірақ бұл көрсетілмеген. Басқа да жалға алушылармен бірге арызданғанбыз».
Бір біріне айып артқан екі тарапқа қатысты іс сотта әлі де қаралып жатыр. Әділетті үкімін сот төрелігі береді.
Жанар Есенбекова