Шымкентте құлағы бетінде орналасқан сәби мүгедектік анықтамасын ала алмай отыр

729

Шымкентте құлағы сол жақ бетіне орналасқан бүлдіршінге шұғыл ота қажет. Қазір туа біткен құлақ ауыз кемістігі бар баланың анасы ота жасатуға жұрттан көмек сұрауға мәжбүр, деп хабарлайды inform.kz.

Мұрат Нышанбек биыл 4 ақпанда екіге толады. Үйдің төртінші кенже баласы туылғанда  осындай кемістік болыпты. Анасы Әйгерім Әлімбаеваның сөзіне қарағанда, өзі мен жолдасында генетикалық ауытқушылықтар болмаған. Ендігі жерде баласына ота жасатайын десе, қолымыз қысқа дегенді айтады.

«Нышанбекті Алматыға апарып ота жасатсақ деп армандаймыз. Алайда бізде ондай операция жасатуға қалтамыз көтермейді. Күйеуімнің тапқаны отбасының керегі мен жиі ауыратын  ұлымың емінен артылмайды. Баламызды мүгедектікке де шығара алмай отырмыз. Себебі, мамандар мұндай анықтама алу үшін алдымен  ота жасату қажеттігін айтты.

Енді амалдың жоқтығынан  қайырымды жандардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болып отырмыз»,- дейді Нышанбектің анасы. Қазір бүлдіршіннің ата-анасы перзентінің еміне мемлекет тарапынан да жәрдем болса екен деп армандайды.  Себебі, науқас  баласының аузын тігуден Шымкенттің дәрігерлері бас тартыпты. Олар  бүлдіршінді ұйықтатын дәріні көтере алмай қалуы мүмкін екенін алға тартқан.

Оның үстіне нақты диагнозын анықтап, алу қажет екенін алға тартқан. Ал Нышанбекті жан-жақты тексерету үшін білікті мамандар қажет. Салдарынан күннен күнге баланың есту қабілеті төмендеп, жиі ауыратын көрінеді.