Шымкентте төрт жаңа жол айырығы салынады

472

Қазіргі таңда құрылыс жобасы жасалуда. «Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары 4 жол айырығын салуды жоспарлауда», — деп мәлімдеді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт.

Айта кетейік, бұл жол айырықтары Сайрам — Жібек жолы, Арғынбеков — Дулати көшелері және Рысқұлов — Қонаев даңғылы қиылысынан салынбақ. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттар жасалуда. Олар аяқталған соң құрылысқа қаржы бөліне бастайды.