Шымкентте темір жолда ер адамның мәйіті табылды

575
Шымкентте темір жолда ер адамның мәйіті табылды

Шымкентте темір жол аумағында ер адамның мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша азаматты пойыз қағып кеткен. Соққының салдарынан ер кісі оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Қазір полицейлер оқиға орнында тексеру жұмыстарын жүргізуде. Ер кісінің жасы шамамен 30-35-те. Оқиға орнын тергеушілер лентамен қоршап қойған. Бұған қоса маңайдағы темір жол аумағы толық шектеу қойылды. Бүгінге дейін темір жол арқылы қатынап жүрген тұрғындар жүретін жолдарына шектеу қойған желілік полицейлердің әрекетіне наразы.

«Ер адамды пойыз қағып кеткен. Күніге жүріп жүретін жолымыз еді. Бүгін жауып қойыпты. Біз түсінеміз кісі өлген соң қауіпті жер екенін. Бірақ лента қойылған жерге бармаймыз-ғой. Полицейлер болса, бүкіл пойыз жолды қоршап қойыпты. Біз сияқты зейнеткерлер аялдамаға жету үшін шақырым жол жаяу жүруге мәжбүр», — дейді қала тұрғыны.