Шымкенттің әкімі тұрғындардың мәселесін шешетін жаңа жобасын таныстырды

587

«Әкімшіліктің жол картасы». Қала билігі осындай атпен жаңа жобаны қолға алды. Мұндай маңызды ақпарды Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаевтың өзі айтып, алдағы уақытта әкімдіктің жүгенді жұмысы осы жоспарлы жобамен жүзеге асатынын жеткізді. Тұрғындардың талап-тілегі де енді жаңа жүйе бойынша тыңдалып-талқыланбақ.

Жұмысты жаңаша жүйемен жүгенді атқару. Шымкент қаласының әкімдігі Елге қызмет етудің тың әрі тиімді жаңа бағытын бекітіп, жүзеге асырмақ. Бұл үшін 2018 жылға бір емес, 5 бірдей мақсатты, маңызы мол кесте құрылған: Ағымдағы жұмыс, қызметі қайнаған нысандар, тұрғындарды жиі мазалайын өзекті мәселелердің тиісті мамандарға жүктелуі мен шаһарамыздың өрлеп-өркендеуі. Жауапты мекемелер енді осы қойылған міндеттемелерден жалтармай, нәтижеге жетуі керектігі күйттелді.

Қала әкімдігінің жоспарында ең алдымен тұрғындарды мазалайтын мәселелер қойылған. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметіне қатысты. Яғни, коммуналдық ұсынымды қолдануға құлықты жаңа абоненттер мен мердігер мекеменің түсініспеушілік түйткілі. Қала әкімі қазір қордаланып қалған осы мәселені мамандарға тапсырып, тұрғындардың үйді-үйіне дейін газ-суын жеткізудің жолдарын құнттады. Ал коммуналдық қызметтегілерге екінші тапсырма — жекенің меншігіндегі трансформаторлар болды.

Нұрлан Сауранбаев, Шымкент қаласының әкімі: «Қазір тұрғын үй коммуналды-шаруашылық бөлімі мәселені «Оңтүстік Жарық транзитке» сілтейді. Ал олар проблеманы шеше алмаймыз деп айтады. Нәтижесінде, зардап шегетін тағы да — халық! Сонда да арадағы мердігерлер тиісті төлемді жасатып, халықтан пайда көреді. Сондықтан, түйінді тез әрі жылдам тарқату үшін жұмысқа кірісейік».

Ал, жол-көлік бөліміне қосымша мерзім берілді. Енді, 10 күннің ішінде Қуатжан Жұматаев жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктердің қызмет сапасын саралайтын және жемісті жұмыс нәтижесін шаһар басшысының үстелінің алдына қоюы тиіс.