Шымкенттік дәрігерлер шетел азаматына бүйрек алмастыру отасын жасады

963

Шымкентте дәрігерлер алғаш рет шетел азаматына азға алмастыру отасын жасады. Күнгейлік ақ халаттылар Германиялық азаматқа өзгенің бүйрегін салып берді. Күрделі ота Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасында өтті.

Шымкенттің дәрігерлері Израильден келген науқастың бүйрегін алмастырып, шет елдік әріптестеріне медицинада мықты екендерін тағы да дәлелдеп берді. Күнгейлік ақ халаттылар өзге елден келген 50 жастағы азаматқа күрделі ота жасады. Хирургтар оған туысының бүйрегін салып берді. Донор да шетелдің тұрғыны.

Дәрігерлер шет ел азаматының Шымкентте ота жасауы сәйкестік емес дейді. Өйткені Қазақстанда ағза алмастыру отасы әлдеқайда арзан. Әрі ота жасау үшін білікті мамандар да, техникалық құрылғылар да жеткілікті. Әсіресе, Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасы трасплантациялық операция жасауда үздік екендерін дәлелдей білген. Білікті дәрігер Мәди Биғалиевтің басшылығымен аурухана базасында бүгінгі күнге дейін 100-ге жуық ағза алмастыру отасы жасалған.

Шымкенттік дәрігерлер тағы да кезекте тұрған екі шетел азаматына ағза алмастыру отасын жасауды жоспарлап отыр. Науқастар өздерімен бірге донор да алып келмек. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өзге елден келетін науқастардың саны жыл санап артып келеді. Басым бөлігі Қазақстандағы стоматологиялық қызметке жүгінеді екен.

Лаура Нақыпқызы