Төле би аудандық ауруханада соңғы жеті жылда ана мен бала өлімі тіркелмеген. 20 жылдық тарихы бар денсаулық сақтау нысаны өз кәсіби мамандарымен мақтанады. Тәжірибелі ұжым замана көшіне ілесіп, соңғы технологиялар тетігін тиімді пайдаланып келеді.
Таңғы тексеру. Дәрігер күн сайын әр науқасты мұқият қарап шығады.
Асел Сағындықова Төлеби аудандық ауруханасына осыдан бірер күн бұрын түскен. Келіншек көшеде құлап қалып, басын зақымдап алыпты.
Алайда кәсіби мамандар пациентке сапалы қызмет көрсетіп, бүгінде оның беті бері қарап келеді. Бөлім меңгерушісі соңғы 7 жылда ана мен бала өлімінің тіркелмегенін айтады. Болашақта бұл бөлімді аудандық ауруханаға көшіру жоспары бар. Онда жас аналарға бар жағдай жасалатын болады дейді.
Аудандық ауруханада бірнеше бөлім бар. Жансақтау бөлімінде шетелде білім алып келген мамандар жұмыс істейді. Енді олар заманауи технологиялардың көмегімен қызмет көрсететін болады.
Биылдан бастап жергілікті емхана мен аудандық аурухана бірікітіріліп отыр. Емханаға келген науқастар тиісті шаралардан өткеннен кейін қажет болған жағдайда бірден ауруханаға бара алады. Төлебилік дәрігерлер облыс аумағында ақ халаттылар арасында өтетін «Жылдың үздік дәрігері» байқауында жыл сайын үздіктер қатарын толықтырады.