«Тұран» шағынауданының тұрғындары шу шығарды

913

Шымкентте жаңадан пайдалануға берілген «Тұран» шағынауданының тұрғындары шу көтерді. Көпқабатты үйдің тұрғындары су жаңа жылу есептегіш құралдары дұрыс жұмыс істегенімен, жылу мекемесі ақыны шаршы метрмен алып отыр деп шағым білдірді. Сөздерінше, есептегіш құрал жылудың нақты жаратылу құнын білдірсе, шаршы метрге шағу халықты артық шығынға батырып отыр.

Шымкенттегі «Тұран» шағынауданында тоғыз қабаттыларды есепке алмағанда, бес қабатты он алты үй бар. Оның он шақтысы толықтай қолданылуға берілген. Тұрғындар құжатпен тапсырылған су жаңа жылу есептегіш құралдары жұмыс істеп тұрса да, «ҚуатЖылуОрталық-3» мекемесі ақыны шаршы метрмен есептеп, екі есе шот ұсынуды тоқтатпай отыр дейді.
Тұрғындар коридорда жылу болмаса да қосып есептеп жіберген. Үйді алғаш алған кезімізде есептегіш құралмен деп айтқан болатын» дейді.

Жылу беруші мекеме бұған монтаждау жұмыстарын дұрыс жүргізбеген мердігер компанияны кінәлайды. Осы олқылықтарды тез арада жойыңыз деп хат та бердік дейді. Алайда нақты мерзімі жайлы айтпады.

Асқар Бөлешов, «ҚуатЖылуОрталық-3» МҚК жылу инспекциясы бөлімінің басшысы: «Жылу есептегіш құралдарының монтаждау жұмыстары дұрыс орнатылмағандықтан, жылу есептегіш құралымен есептей алмай отырған жағдайымыз бар. Сол себептен біз шаршы метрмен есептеп жатырмыз».

Алайда тұрғындар «ҚуатЖылуОрталық-3» мекемесі уәжіне сенімсіздікпен қарайды. Толықтай жұмыс істеп тұрған есептегіш құралдарының көрсеткішін негізге алмаса, жылуға шаршы метрмен де ақы алуға құқылы емес дегенді айтады. Шаршы метрмен төлем жасау үшін тұрғындармен арада арнайы келісімшарт түзілуі тиіс дейді.

Мақпал Рысбаева