Техникалық байқаудан өтпеген шағын автобустар жолаушы тасымалдап жүр

515

ОҚО-да полицейлер «Автобус» жедел алдын-алу іс-шарасы барысында шамамен мыңнан аса жол ережесін бұзушылықты анықтады. Еске салсақ, 2018 жылдың 22 қаңтары мен 18 ақпан аралығында ОҚО аумағында ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі қызығушылық танытқан қызметтермен бірлесе отырып, «Автобус» жедел алдын-алу іс-шарасын өткізуде.

Іс-шараның мақсаты қоғамдық көлік құралдарының қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзуға жол бермеу, жолаушылар мен багажды тасымалдауда белгіленген ережелерді сақтауды қамтамасыз етіп, бағыттарда заңсыз жолаушы тасымалдау жайттарының жолын кесу. Іс-шараға шамамен мыңға жуық жол-патрульдік полиция қызметкерлері және басқа да салалық құрылымдар жұмылдырылды.

Сонымен, «Автобус» жедел алдын-алу іс-шарасы барысында полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерімен ҚР Жол көлік ережесін бұзған 969 құқықбұзушылықты анықтады. Соның ішінде зиянды қалдықтармен экологиялық нормалар мен қағидаларды бұзудың 10 жайты анықталды.

 

ОҚО ІІД ЖПҚ-нің қызметкерлері ұялы сымтетік пен радиостанцияны пайдаланғаны үшін 258 жүргізушіні, 96 жүргізуші жол қозғалысы қағидасын бұзған, жылдамдықты асырғаны үшін 32 жүргізуші және 44 жүргізушіге жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, тәртіп сақшылары техникалық байқаудан өтпеген 91 жайтты анықтады, заңсыз тасымалдаумен айналысқан 12 жайт, 3 жайт жүргізушілердің жолаушылар мен жүктерді тасымалдауда белгіленген ережелерді сақтайтын келісімшарттың болмауы және лицензия стандарттарын бұзудың 2 жайты анықталды.
Сондай-ақ, екі автобус паркінің өкілетті тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыптұраққа орналастырылды.

Жергілікті полиция қызметінің айтуынша 18 ақпанға дейін болатын «Автобус» жедел алдын-алу іс-шарасы барысында ОҚО ІІД ЖПҚ мен ӘПБ-ның жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Мұндай іс-шаралар жол-көлік апаттарының санын төмендетуге, қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алатын жол ережесін бұзушылық жайттарын болдырмауға септігін тигізетінін айтады.