ОҚО-да «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында жол-көлік ережесін бұзған 1,5 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Оңтүстік Қазақстан облысында 2018 жылдың 22 қаңтарынан бастап ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Автобус» жүргізушілер арасында көлік қозғалысы тәртібін арттыруға бағытталған жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыру, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінің сақталуын болдырмау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
«Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы басталғалы бері жол-жүру ережесін бұзған қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған 1695 құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде қоршаған ортаны бұзу бойынша 36 жайт. Ұялы байланыс құралдарын пайдаланған 403 жүргізуші, бұрылу ережесін бұзған 126 жүргізуші, жылдамдықты асырған 52 және жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 48 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында техникалық байқаудан өтпеген 155 жайт, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаған 22 жайт, көлік құралын азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тіркемеген 59 жүргізуші және жолаушылар мен багажды тұрақты емес автокөлікпен тасымалдауға келісімшарты болмаған 13, жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқан 29 жүргізуші анықталды. Тәртіп сақшылары жол-көлік ережесін бұзған 4 автокөлікті айып тұрағына жеткізді.
Одан бөлек, автобус парктерінің екі лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, тасымалдау және сертификаттарды тоқтату туралы 5 келісімшарт бұзылды.
«Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасына ОҚО ІІД ЖПҚ-нің және басқа да құрылымдардан мыңға жуық полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Ағымдағы жылдың 18 ақпанына дейін созылады. Тәртіп сақшылары рейдтік, профилактикалық іс-шара кезінде күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
ОҚО-ның полицейлері тағы да еске салады жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау қажеттілігіне барлық жол пайдаланушыларға жол беріп, жүргізушілерді жол ережелерін ұқыпты және қатаң сақтауға шақырады.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы