Жаңа жол күн сәулесінен қуат алатын құрылғымен жарықтандырылған

604

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара аумағы бекітілген тұста, Жетісайға барар жолдың бөлігі көрші мемлекеттің аумағында қалып қойған еді. Салдарынан Шардара-Арнасай-Жетісайға қатынайтын жол жабылған болатын.

Екі ауданның 380 мыңға жуық халқы Сарыағаш арқылы айналып жүрді. Бұл күрделікті шешу үшін Үкімет Арнасай бөгеті жанынан ұзындығы 38 шақырым, ені 7 метр жаңа жол салды. Заманауи технологиямен төселген асфальт жол шалғайдағы аудан тұрғындарының жолын 100 шақырымға кемітті.

Айта кететін жәйт, жол жарықтандырылған. Бағаналардағы құрылығылар күн сәулесінен қуат алады.

Шардара мен Жетісайға барар жолдың құрылысы 2011 жылдың соңында басталып 2015 жылы жоба қайта өңделіп құрылыс 2016 жылы жалғасып 2017 жылдың желтоқсанында пайдалануға тапсырылды.

Шынар Оразова