Шымкент қаласының шоғырланған ірі қиылыстарда жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол жүру ережелерін бақылайтын және анықтайтын арнайы жүйесі орнатылған. Аталған техникалық құралдар қауіпті жол қозғалыстарын және жол жүру ережелерін бұзған автокөлік жүргізушілерін анықтауға көмектеседі.
Бүгінгі таңда облыс орталығында 40-тан астам жол қозғалысын басқару жүйесі бар және жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттары анықталған. «Редспид»
жылдамдық өлшеуіш құралы, «Интегра» зияткерлік көше қиылысы, сондай-ақ жол қозғалысын бақылайтын «Крис П».
Аталған жүйе тәулік бойы жол қозғалысын басқару ережесін бұзушыларды ОҚО ІІД-нің Процессингілік орталығына жолдайды. Тіркелген құқықбұзушылық туралы ақпараттарды айыппұлды төлеу үшін жүргізушінің мекенжайына жіберіледі.
2018 жыл басынан бері ОҚО ІІД-нің Процессингілік орталығының бақылауымен жол қозғалысы ережесін бұзған 6,5 мың жайт тіркелген. Құқықбұзушылардың мекенжайына айыппұл төлеу қажеттілігі туралы 120 млн тенгеден астам әкімшілік айыппұл жіберілген. Оның ішінде 115 млн тенгеден астам әкімшілік айыппұл облыстық бюджетке өндірілген.
Полиция қызметкерлері атап өткендей ОҚО ІІД-нің Процессингілік орталығы төтенше жағдайларға ұшырататын және жылдамдықты асыру жағдайларымен ұштасатын жол ережелерін бұзу жайттарын анықтауға бақылау жасайды. Жол-көлік оқиғасының санын азайтып, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы көшелерінде қауіпсіздігін шараларын сақтауды қамтамасыз етеді.