Әділдік салтанат құрды

476

Арыс қаласында орналасқан №4 психотуберкулез бөлімшесінің бұрынғы санитары Ж.Р. жауапкер «ОҚО жүйке аурулары диспансері» КММ-не жұмысқа қайта орналастыру және мәжбүрлі түрде амалсыз бос жүрген уақыты үшін еңбекақы өндіру туралы талап қою арызымен Арыс аудандық сотына жүгінген болатын.

Істі сотта қарау барысында облыстық жүйке аурулары диспансері басшысының бұйрығымен санитар Ж.Р.-дің жұмыстан заңсыз босатылғаны анықталды.
Сот аталған азаматтық істі қарай келе, психотуберкулез бөлімшесінің жұмыскерінің талабын қанағаттандырды.

Соттың шешімімен облыстық жүйке аурулар диспансері басшысы бұйрығының күші жойылып, талап қоюшы Ж.Р. жұмысқа қайта орналастырылды. Оған қоса, сот жұмыс берушіден талап қоюшы Ж.Р.-дің пайдасына амалсыз бос жүрген уақыттарына еңбекақы өндірді.