Үшем және төртем туған аналарды арнайы құттықтады

773

Мақтаарал ауданының әкімі Ғалымжан Исмаилов еліміздің демографиясына ерекше үлес қосып, үшем және төртем туған ардақты аналарды арнайы үйлеріне барып халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. Ауданда 3 үшем және 1 төртем туған аналардың отбасына барып, құрмет көрсетті.

Мақтаарал ауданында демографияға дүркірете үлес қосып отырған батыр аналар өте көп. Егіздетіп дүниеге сәби әкеліп жатқан аналардың үрдісін енді үшемдер мен төртемдердің аналары жалғастыруда.

Төртемдердің алғашқылары бүгінде жоғары сыныпта оқиды. Үйлеріне арнайы бас сұққан әкіммен әңгімелесіп, өзіндік ойларымен бөлісті. Ал 5 жастағы үшемдер әкім әкелген сыйлықтарға мәз болысты.

 

Жалпы, Мақтаарал ауданы облыстағы халқы тығыз шоғырланған және демографиялық өсімі жағынан жоғары аудан саналады. Мұндағы жалпы халық саны 304 684 адамды құрап отыр.