47 экологиялық қылмыс анықталды

627

ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарға қарсы тұру бойынша жүргізіліп жатқан алдын алу іс-шарасы аясында жыл басынан 47 экологиялық қылмыс пен 180-нен астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.

Көрсетілген мерзім ішінде полиция қызметкерлері заңсыз ағаш кесудің 38 жайты, жер қойнауын рұқсатсыз пайдаланудың 7 жайты, 1 заңсыз аң аулау жайты және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің заңсыз айналымы туралы 1 іс тіркелінді.

Мысалға, ағымдағы жылдың ақпан айында Созақ АІІБ ЖПҚ-нің қызметкерлері ОҚО Созақ ауданында жүргізілген іс-шара барысында 1986 ж.т. жергілікті тұрғынның жүк автокөлігін ұстады. Полиция қызметкерлері ер азаматтан шамамен бір текше заңсыз кесілген сексеуіл тәркіледі. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ОҚО ІІД ЖПҚ қоршаған ортаны қорғау қызметкерлері экологиялық заңнама талаптарын бұзған 182 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде аң аулау және жануарлар дүниесін пайдалану ережесін бұзғаны үшін 60 астам азамат, балық аулау ережелерін бұзған және басқа да су жануарларының күзетілетін балық ресурстарында 40 құқық бұзушы, аумақтарды игеру және үй жануарларын ұстау ережелерін бұзғаны үшін – 70 және жасыл екпелерді күтіп ұстау мен қорғау қағидаларын бұзған 10 құқық бұзушы. Тәртіп сақшылары құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырып шамамен жарты миллион теңге айыппұл салды.